Ақмола облысында із-түзсіз кеткен ер адамның денесі табылды
1373
Үш күн ізделген 44 жастағы ер адам көз жұмған
Ақмола облысында үш күн бұрын жоғалып кеткен 44 жастағы малшының денесі табылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады. Мәліметке сәйкес, Буланды ауданындағы Капитоновка ауылы тұрғынының із-түзсіз жоғалғаны туралы арыз полицияға 19 мамыр күні түскен. Іздеу жұмыстарының нәтижесінде 22 мамырда ер адамның мәйіті табылған.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.
Полицияның алдын ала мәліметінше, мәйітті қарау кезінде зорлық-зомбылық белгілері анықталмаған.
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
11:31
Лифтте қызға тиіскен алматылыққа сот үкімі шықты
06.10.2026
11:14
16 миллион қазақстандықтың дерегінің таралуы: м...
06.10.2026
10:54
Кореядағы жаппай төбелеске қазақстандықтардың қ...
06.10.2026
10:53
«Азаматтарға арналған үкімет» филиалы директоры...
06.10.2026
10:46
Францияда Сальвадор Дали жасаған 150 келілік қо...
06.10.2026
10:30
Қазақмыс ескі жабдықтармен қоштасып су жаңасына...