Атырауға Ресейдің әскери жойғыш ұшағы қонғаны рас па?
1572
Желі қолданушылары «Бұл оқу-жаттығу ма, әлде басқа себеп бар ма?» деген сауал тастауда.
Хиуаз Доспанова атындағы халықаралық әуежай аумағына әскери жойғыш ұшақ қонды. Куәгерлердің айтуынша, Су әуе кемесі біраз уақыт әуежай территориясында болып, кейін қайта ұшып кеткен, деп хабарлайды Politico.kz.
Әлеуметтік желілерде ұшақтың қай бағыттан келгені қызу талқылануда. Кейбір мәліметтерге сүйенсек, жойғыш Ресей Федерациясының Астрахан облысы жағынан ұшып келуі мүмкін. Сондай-ақ, ол шамамен 280 шақырым қашықтықтағы Капустин Яр полигоны аумағынан көтерілген деген болжам бар.
Алайда осы күндері нақты қандай да бір әскери оқу-жаттығулар немесе бірлескен маневрлер өткені туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ.Қазіргі уақытта ұшақтың нақты қай елге тиесілі екені және Атырауға қандай мақсатпен келгені жөнінде ресми органдардан түсініктеме берілген жоқ.
Соңғы жаңалықтар
04.10.2026
16:32
«Өз көлігіне неге осылай жазбайды?»: Ыбықты Сай...
04.10.2026
15:32
«Эмоцияға беріліп кеттім»: Қордайда оқушысын ая...
04.10.2026
14:32
«Неге олай жаздыңыз?»: Танымал дизайнер Мақпал ...
04.10.2026
13:26
“Киевтен Мәскеуге жауап”: Зеленский Ресейдің мұ...
04.10.2026
12:28
Қазақстан Азия ойындарын 84 медальмен аяқтады
04.10.2026
11:25
Талдықорғанда әйелін жарақаттап, қарумен қорқыт...