Атырау облысында ауыл тұрғынын жергілікті полицей аяусыз ұрып-соққан

27.08.2024
11:13
0
319
Атырау облысы Қызылқоға ауданының азаматы учаскелік полицейден таяқ жегенін айтып шағымданды. Арада бір айдан аса уақыт өтсе де тергеу дұрыс жүрмей жатыр деп отыр, деп хабарлады politico.kz «Астана» телеарнасына сілтеме жасап.
Оқиға өткен айдың 13-інде ортақ танысының туған күнінен шыққан соң, түн ортасында болған. «Полиция қызметкері үйіне барып, қызметтік киім киіп, көлігін мініп келіп, тиісті» дейді Бекет Басанбаев. Жігіттер арасындағы дау барысында Бекет полиция көлігінің артқы терезесіне тас лақтырып, сындырып қойған. Келесі күні көлікті жөндетуге 100 мың теңге ақша да аударып, келісімге келгендей болғанмен, учаскелік полицей оған қой бағып жүрген кезде барып, әбден соққыға жыққан. Бекет Басанбаев айдалада 20 минуттай ес-түссіз жатып қалған.
Маған аттан түс деді. Аттан түстім. Жабысты қолыма. Қолымды қайырып, жерге лақтырды да «Кешегі лобовойды сындырғаныңды мойындайсың ба?» деді. Мойындаймын дедім. Нариман келді. 15-і күні келіп, кешірім сұрап кетті. «Бұзаулы сиыр, 500 мың теңге ақшаңды беремін» деп. «Кешірім бере алмаймын, денсаулығымды көріп тұрсың ғой» дедім, - дейді жәбірленуші.Содан бері бүйректен алған соққыдан бой түзей алмай жүрмін дейді ол. Көптен күтіп жүрген жұмысқа шақырту алып, шыға алмай отырғанын да алға тартты. Ал полицейлер істі тергеудің орнына жылы жауып қоя салғысы келеді екен.
Департаментке алдында барып қайттым. Өз қолыммен арыз жазып кеттім. Оразбаевқа 18-і күні жазып кеткен арыз әлі қаралмаған. 20-сы күні мен талап еттім. Неге бұл қаралмай жатыр? Оның үстіне қызметкер жасаған қылмысты қалай тергемейді? – дейді жәбірленушінің туысы Кенже Боранғалиқызы.Ал полиция департаментіндегілер тергеу жүріп жатқанын айтты. Учаскелік полицей бұл салада 2018 жылдан бері еңбек етеді екен.
Аталған дерекке байланысты Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің қызметкеріне қатысты «Билікті немесе лауазымдылық өкілеттіліктерін асыра пайдалану» дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалған. Қазір тергеу мүддесіне сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайды, - деді облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.Ал соққы алған жігіттің туыстары іс әділ тергеліп, полицей жазасын алсын деп отыр. Фото: cool-readers.ru
Здесь пока ничего нет
Соңғы жаңалықтар

22.05.2025
20:54
Журналист Диас Ахметшәріп өмірден өтті

22.05.2025
19:45
Әнші Қазыбек Құрайыш үйлене ме?

22.05.2025
18:53
Сиви Махмуди танымал трендке қосылып, ерекше об...
22.05.2025
17:46
Қуандық Рахым тұңғыш қызының 3 жасқа толғанын а...

22.05.2025
17:25
Алматыда екі электрик тоққа түсті

22.05.2025
16:53
Алтынай Жорабаева тойдан алған ең жоғары гонора...