Атышулы Иман Хелифтің қыз екенін дәлелдеу үшін әкесі туу туралы куәлігін көрсетті
Желіде Париж Олимпиадасында италиялық боксшы алжирлік трансгендермен жекпе-жекке шықты деген ақпарат тарап, көпшілік шу ете қалған еді. Олар алжирлік боксшы Иман Хелифті биологиялық ер адам және оны жасырып жүр деп айыптады. Алайда әкесі оның туу туралы куәлігін көрсетіп, биологиялық қыз екенін дәлелдеуге тырысты, деп хабарлайды Politico.kz.
Иман Хелифтің бұған дейін гендерлік сынақтан өте алмай, әлем чемпионатынан шеттетілгені мәлім. Биыл Олимпиада комитеті оған жекпе-жекке шығуға рұқсат берді.
Ол – әйел. Бізде барлық дәлел бар, соның ішінде туу туралы куәлігі бар, – деді әкесі.Алжирде жыныс ауыстыруға қатаң тыйым салынған. Сол себепті әкесі Иман Хелифтің жынысын ауыстыруы тіптен мүмкін емес деп отыр. Ол перзентінің бала күнгі фотоларын да көрсетті. Сонда да көпшілік туу туралы куәлікті жақында жасатып алды деп күмәнданып отыр. Себебі ол құжат 2018 жылы берілген. Ал сол жылы Хелифтің бокстағы мансабы басталған. Бұрын гендерлік сынақта Хелифте XY хромосомасы анықталған, бұл тестостерон деңгейін көтеріп жібереді. Оны интерсексуал, яғни туабітті ауытқушылығы бар деп те атап отыр. Фото: әлеуметтік желілерден біріктірілді
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
19.11.2026
11:44
Шымкентте жанармай тасығыш көлік аударылып, жүр...
19.11.2026
11:36
"Менің байымның соңынан аңдып...": Тұрсынбек Қ...
19.11.2026
11:02
«Соққыдан өлмеген»: Жаңатаста вокзалда төбелест...
19.11.2026
10:55
Кәсіпкер 10 жыл бұрынғы жақсылығы үшін Тұрсынбе...
19.11.2026
10:47
Құрылыс және тағы да құрылыс! Шетелдік БАҚ Тоқа...
19.11.2026
10:12
«Қазақмыс» Шатыркөл байыту фабрикасының техника...