«Әулет алдында омырауды ашып келу — ерсі»: Қайрат Нұртастың әйелі мен қызының образы желіні екіге бөлді

12.12.2025 12:55 Айсұлу Мұрат
«Әулет алдында омырауды ашып келу — ерсі»: Қайрат Нұртастың әйелі мен қызының образы желіні екіге бөлді
0
87
Фото: видеодан скриншот

Танымал әнші Қайрат Нұртастың жұбайы, актриса Жұлдыз Әбдікәрімова отбасылық үлкен тойдан түсірілген видеосын жариялап, әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды POLITICO.KZ

Бесінші рет ана атанған Жұлдыз мерекелік шарада ашық иықты, ерекше сәнделген образы арқылы көптің назарын өзіне аудартты. Видеода ол бойжеткен қызы Алаумен бірге билеп, қуанышты сәтін бөліскен. Жұлдыз – қызғылт-сары, Алау – қара түсті кешкі көйлекте көрінеді.

Актриса жазбасында қызына деген жылы сезімін білдіріп:
 

«Сен – менің айнамсың. Сенің күлкің, мінезің, әдетің маған ұнайды», – деп жазды.

Алайда, желідегі аудитория мұндай отбасылық бейнеге екіұдай пікір білдірді.

Бір топ олардың жарасымды образы мен сымбатын мақтаса, екінші тарап дәл мұндай ашық киім әулеттік жиында орынсыз екенін айтып, қатаң сынға алды.

Желі қолданушыларының пікірлері екіге жарылды:

«Өте әдемі, стильді. Анасы мен қызы — нағыз сахналық образ», «Әулет алдында омырауды ашып келу — ерсі», «Жұлдыздың таңдауы қызының да киім талғамына әсер етіп тұр», «Мұндай көйлек отбасылық тойға жараспайды», «Шешесі де, қызы да тәрбиесіз» деген өткір пікірлер де жазылды.

Әлеуметтік желідегі талқы әлі де басылар емес — біреулер олардың еркіндігін қолдаса, енді біреулер ұлттық ортадағы киім әдебін еске салып жатыр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий