«Аутизмі бар қызметкерді жұмыстан шығарып жіберді»: Burger King-ке қатысты дау шықты

16.02.2026 16:28 Әсел Мұрат
«Аутизмі бар қызметкерді жұмыстан шығарып жіберді»: Burger King-ке қатысты дау шықты
134
Фото: threads.com/@zhanat_karatay

Burger King-тің Алматыдағы тамақтану желісінде қатысты дау қоғам назарын аударды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қала тұрғыны компанияның жаңа басшылығы аутизмі бар ұлын жұмыстан кетуге итермеледі деп мәлімдеді.

Әлеуметтік кәсіпкер және аутизм мәселелері бойынша сарапшы Жанат Каратай Threads желісінде аутист ұлы Алибектің жұмыс жағдайына қатысты жазба жариялады. Оның сөзінше, аутизмі бар баласы шамамен төрт жыл Burger King-те аспаз болып жұмыс істеп, ұжымға бейімделіп, қосымша жұмыс істеп, жұмыс кестесі мен демалысын жоспарлап жүрген. Айтуынша, компания бұрын қызметкерлерді қолдап келген, бірақ басшылары өзгергелі жағдай да өзгерген.

Әлеуметтік кәсіпкер Жанат Қаратайдың сөзінше, оның 27 жастағы ұлы Әлібек аталған желіде төрт жыл бойы аспаз болып жұмыс істеп, жұмысын адал атқарған және ұжыммен жақсы қарым-қатынас орнатқан. Алайда Ресейден келген Сергей есімді жаңа аймақтық болып жұмысқа кіріскеннен кейін жағдай күрт өзгерген.

Анасының айтуынша, жаңа басшы келген соң Әлібекке астыртын қысым көрсетіле бастаған. Күз айларынан бері ол тұйықталып, мазасыз күйге түскен. Жанат Қаратай басшымен жеке сөйлескенін, бірақ оның инклюзивті қоғам қағидаттары туралы түсінігі жеткіліксіз екенін байқағанын жеткізді.

Ол бұл кездесуді жағымсыз әсер қалдырғанын айтып, жаңа басшының елімізге жуырда ғана келгенін және аутизмі бар адамдардың да өзгелермен тең дәрежеде еңбек ете алатынын білмейтіндей көрінгенін сынға алды.
Жанаттың жазбасы әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті. 

Burger King не дейді? 

Оқиға қоғамда кең талқыланғаннан кейін Burger King Kazakhstan ресми мәлімдеме жасады. Компания туындаған жағдайға өкініш білдіріп, ішкі тексеріс басталғанын хабарлады. Сонымен қатар, Әлібектің жұмыстан шығарылмағанын мәлімдеді.

Ресми жауапта компания әр қызметкердің өзін құрметтелген әрі қауіпсіз ортада сезінуі маңызды екенін, сондай-ақ тең мүмкіндік пен инклюзивтілік қағидаттарын ұстанатынын атап өтті.

«Қазіргі таңда Әлібек Қаратай жұмыстан шығарылған жоқ, ол Burger King Kazakhstan қызметкері болып қала береді. Компания оны жұмыстан шығару туралы шешім қабылдаған жоқ… Инклюзивті болу біздің корпоративті мәдениетіміздің маңызды бөлігі», – деп жазылған компанияның ресми түсініктемесінде.

Дегенмен бұл түсіндірме көпшілікті толық қанағаттандырмады. Қазір әлеуметтік желілерде компанияға қатысты теріс пікірлер көбейіп, кей қолданушылар бойкот жариялауға шақыруда.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий