Ауылға көшкен көпбалалы отбасыларға үй мен мал тегін беріледі
1005
Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Шилі ауылында оқушылар санының азаюына байланысты көпбалалы отбасыларды ауылға көшуге шақырып жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.
Көшуге келіскен отбасыларға бірқатар жеңілдік ұсынылады. Атап айтқанда, оларға тегін тұрғын үй, бес бас ірі қара, көшіп келу шығындары және екі жылға жететін тегін шөп беріледі.
Сондай-ақ жергілікті билік ерлі-зайыптылардың екеуін де жұмыспен қамтуға уәде берген.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, егер отбасы бір жыл тұрғаннан кейін ауылда қалғысы келмесе, келесі жылы бұрынғы тұрғылықты жеріне қайта көшуіне болады. Ал берілген мал бес жылдан кейін толықтай отбасының меншігіне өтеді.
Қазіргі таңда ауылда әсіресе математика, физика және информатика пәндерінің мұғалімдеріне сұраныс жоғары.
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
23:32
Ерлан Қарин Джеки Чанмен Қазақстандағы киножоба...
06.10.2026
23:28
Аптасына екі, жылына 120 кітап оқимын — Айдос С...
06.10.2026
23:17
Айдос Сарым: Билікті қатты сынап жүргендердің о...
06.10.2026
23:00
Блогер Дастан Мұхамедрахым: Менің үйім де, көлі...
06.10.2026
22:11
Айтуған Ғалымов: Әйелімнің тісін сындырған жоқпын
06.10.2026
21:49
Дастан Мұхамедрахым: Маңғыстаудікіндей табиғат ...