"Ауыр қабылдадым": тележүргізуші Асанәлі Әшімовтің соңғы сұхбаты туралы айтты

23.12.2025 11:01 Мөлдір Талғат Мөлдір Талғат
0
248
Фото: видеодан скриншот

Тележүргізуші Ғалымжан Кеңшілік Қазақстанның халық әртісі Асанәлі Әшімовтен алған соңғы сұхбаты туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

Ғалымжан Кеңшілік актермен өтетін сұхбатқа ерекше дайындалғанын мәлімдеді.

«Ағаның қайтқанын ауыр қабылдадым.
Себебі, бұл соңғы сұхбаты болыпты...

Бұл сұхбат өткен жексенбіде жазылды. Әдеттегідей түнгі тікелей эфирде емес, ағаның уақытына ыңғайлап, күндіз таспалап алдық. Көңілді келді, "студияң әдемі екен" деп сүйсініп отырғанда сұхбатты бастап кеттік.

Бүкіл 1001tuntv командасы ерекше дайындалдық. Әсіресе сценарист Нұрлыбек екеуміз қатты уайымдадық. Ағаның өресіне сай, биік болмысын аласартып алмайтын дүние жасауға тырыстық.

Дайын шығарылымды жұма күні эфирге шығардық. Ал кеше суық хабар келді.

Соңғы сұхбаты... Ғасыр адамның ғұмырындағы соңғы сұхбаты деп сақталатын тарихқа лайық болдық па? – деп көп ойландым.
Содан Асанәлі абыздың осы пікірін еске түсіріп, еріксіз толғандым...

Алла алдынан жарылқасын», – деп жазды тележүргізуші.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий