«Ауырмаңыз, Нұрсұлтан аға»: Желіде тараған Назарбаевтың «суреті» елді алаңдатты

25.05.2026 11:37 Әсел Мұрат
«Ауырмаңыз, Нұрсұлтан аға»: Желіде тараған Назарбаевтың «суреті» елді алаңдатты
241
Фото: instagram.com/lazzat_asanova74

Әлеуметтік желіде Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ЖИ-мен жасалған суреті көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Politico.kz.

Желі қолданушысы Ләззат Асанова Қазақстанның тұңғыш президентіне жүрекжарды жазба арнап, оған саулық тіледі.

Ол өз жазбасына жасанды интеллект арқылы жасалған Назарбаевтың ауруханада жатқан суретін қоса жүктеген. Бұл суреттің қандай да бір оқиғамен байланысы бар-жоғы әзірге белгісіз.

Жазба авторының айтуынша, Қазақстанның тәуелсіздік тарихында ел басқару – үлкен жауапкершілік пен табандылықты талап ететін қасиетті міндет. 

«Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы күрделі кезеңдерде ел тізгінін ұстап, мемлекеттің іргесін бекіту жолында еңбек еткен тұлғалардың еңбегі әрдайым тарих бетінде сақталады. Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің қалыптасу кезеңінде экономиканы дамыту, халықаралық беделді арттыру және елорданы жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарды. Қазақ елінің әлем картасындағы орнын айқындау жолындағы бастамалары мен тарихи шешімдері ел жадында қалары анық», - деп жазды ол.

Сондай-ақ желі қолданушысы тұңғыш президентке саулық пен ұзақ ғұмыр тіледі. 

«Халықтың алғысы мен ақ батасы – елге қызмет еткен азамат үшін ең үлкен марапат. Денсаулық – адамға берілген ең қымбат нығметтердің бірі. Сондықтан ел ағасына ақжарма тілек айтып, саулық пен ұзақ ғұмыр тілеу – халқымыздың ізгі дәстүрі. «Алланың сүйген құлы ел басқару ісімен айналысады» деген сөздің астарында үлкен мән жатыр. Елдің амандығы мен бірлігі жолында еңбек ету – әр азаматтың қолынан келе бермейтін ауыр жүк. Сол жолда тер төккен тұлғаларға құрмет көрсету – кейінгі ұрпақтың парызы. Ел ішінде татулық пен тұрақтылық сақталып, мемлекетіміздің көк байрағы әрдайым биікте желбірей берсін. Ел үшін еңбек еткен азаматтарға Алла қуат, денсаулық, ұзақ ғұмыр нәсіп етсін», - деп жазды ол.

Автордың бұл жазбасына желі қолданушылар алаңдаушылықтарын білдіріп, тұңғыш президентке амандық тіледі.

Войдите, чтобы оставить комментарий