"Ауыстыратын кез келді": Әли Оқапов жұбайына тосын сый жасады

23.02.2025 14:51
0
90
aikyn.kz

Роза Рымбаеваның ұлы, белгілі әнші Әли Оқапов жұбайына су жаңа көлік сыйлады.

«Бүгін бізде ерекше әрі ғажайып күн, өйткені бүгін менің жарыма су жаңа көлік сыйлаймыз. Бұл – тосын сый. Ол ештеңе білмейді. Бүкіл отбасым – анам, балам, бауырым бәрі осында. Әйелім мұндай сый-сияпатты қуана қабылдайды деп ойлаймын».

Әли Оқапов жұбайына сыйлық ретінде қытайлық EXEED көлігін таңдаған. Әлеуметтік желіде көліктің құнына қатысты қызу пікірталас туындады. Біреулер көліктің бағасын 500 миллион теңге шамасында деп бағаласа, енді біреулері оның құны 15 миллион теңгеден аспайтынын алға тартты.

Бұл тосын сый желі қолданушылары арасында қызығушылық тудырып, жанкүйерлер Әли Оқаповтың отбасына ізгі тілектерін жеткізді. Көпшілік әншінің отбасы мүшелерін қадірлеуін және өз жақындарына жасаған сый-сияпатын жоғары бағалап, жылы лебіздерін білдіруде.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий