Автобуста мастурбация жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды

Автобуста мастурбация жасаған ер адам 10 тәулікке қамалды
Коллаж: Politico.kz

Шымкентте қоғамдық көлікте жыныстық сипаттағы әдепсіз әрекет жасаған 38 жастағы ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, ер адам автобуста қоғамдық тәртіп пен әдеп нормаларын өрескел бұзған.

Полиция тексеру жүргізіп, оның Шымкент тұрғыны Закирджан Мурабзилов екенін анықтады. Кейін сот шешімімен ер адам 10 тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.

Полиция қоғамдық орындарда, әсіресе балалар да жиі пайдаланатын автобустарда мұндай әрекеттерге жол берілмейтінін ескертті. Өзге азаматтардың ар-намысына және қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, қоғамдық тәртіпті бұзғандар заң алдында жауап береді.

Айта кетейік, бұған дейін TikTok-та әдепсіз әрекетімен көзге түскен ер адам жазаланған еді.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу