"Мәңгілік жүрегіміздесіз": Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовті еске алды

"Мәңгілік жүрегіміздесіз": Мақпал Жүнісова марқұм жұбайы Заманбек Нұрқаділовті еске алды
Фото: Instagram/zhunusova.makpal

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова марқұм жолдасы, мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділовтің қайтыс болған күніне орай әлеуметтік желіде жантебірентерлік жазба жариялады, деп хабарлайды Politico.kz.

12 қарашада Заманбек Нұрқаділовтің өмірден озғанына 21 жыл толды. Осыған байланысты өнер иесі Instagram парақшасында жұбайының көзі тірісіндегі бейнежазбасын бөлісіп, рухына Құран бағыштады.

«Бүгін Зәкеңнің өмірден өткен күні, топырағыңыз торқа болсын, мәңгілік жүрегіміздесіз», — деп жазды Мақпал Жүнісова.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу