«Аянышты»: Айнұр Жүгінісова тұрмысқа шықпай жүрген қыздарға ақыл айтты

«Аянышты»: Айнұр Жүгінісова тұрмысқа шықпай жүрген қыздарға ақыл айтты
14.01.2025 18:26
0
47
видеодан кадр

Жас әнші Мирас Жүгінісовтың анасы Айнұр Жүгінісова бақыттың атақта емес екенін айтып, карьера қуып жүрген қыздарға ақыл айтты, деп хабарлайды Sкifnews.kz ақпарат порталы.

Оның ойынша, отбасылық бақытты жақсы қызмет пен бір сәттік қуаныш сыйлайтын марапатқа айырбастап жіберуге болмайды.

 «Карьерист қыздарға айтарым, бірінші айналайындар, карьера деген не? Жақсы шығар мүмкін. Карьера сізге жан тыныштығын сыйламайды. Осы нәрсені біліңіздер. Жан тыныштығы деген не? Ол сенің отауың, кішігірім Отаның. Өйткені, сен жұмыстан шаршап келген кезде, балаңды не немереңді иіскеген кезде, бүкіл шаршағаныңды ұмытып жатасың.

50-60-қа келіп, жалғызбасты болып отырған қанша қыздарымыз, қанша жігіттеріміз бар. Карьера деген сағым және бу. Атақты алдың, бір айға дейін оның қызығы бар шығар. Бір айдан кейін не істейсің? Ұмытасың. Ол саған абырой, бақыт әкелмейді, есіңізде болсын. Оны кейін білесің.

Бір балаға чупа-чупс беріп, алдап қояды ғой баланы. Сол сияқты нәрсе екен. Чупа- чупсті жеп қойғаннан кейін, жоқ қой чупа-чупс. Сол сияқты атақты да аласың, жарайды «Халық қаһарманы».

Біреулер айтады, мәә, мынау атақты, жарайды ол атақты да болуы мүмкін. Егер сен еңбегің сіңіп, дұрыс, өз жолымен, әр нәрсені өз жөнімен әкеліп жатсаң, оның өзі де жарасымды шығар. Тек қана өміріңді бір чупа-чупсқа арнап жіберу, қиын ғой, аянышты, құдай сақтасын. Ал, бақыт дегенің жарыңның қасында жатып, бала-шағаңды иіскеп, солармен бірге, солардың өсіп-өнгенін көріп, бір дастарханда отырып, солардың немере-шөберелерін иіскеп отыру, міне баға жетпес бақыт та!», — деді  Айнұр Жүгінісова.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или