"Аяқ-қолым дірілдеп, демім тартылды": Қайрат Нұртастың әйелі өткен өмірінен сыр шертті

29.04.2025 11:04
0
69
ашық дереккөзден

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова балалық шағындағы оқиғаны еске алды, деп хабарлайды POLITICO.KZ MADENIPORTAL.KZ  сайтына сілтеме жасап.

Актриса ең алғаш алған гүл шоқтарын алдағы әсерін айтып берді.

«Менің ең алғашқы гүл шоғым. Жасым 11-де болса да, кешегідей есімде. 5-ші сынып оқушысымын. Біздің мектепте концерт өтетін болды. Мен сол шараны жүргізбекпін. Есейіп қалдым деп ойлаған шағым болса керек, алғаш рет үлкен сахнаға шығамын деп қатты қобалжыдым. Бір апта үздіксіз дайындалдым. Сынып жетекшім концертке: “… Директор қатысады, ата-аналар қонаққа келеді”- деп, менің үрейімді асыра түседі. Салтанатты кеш ойдағыдай аяқталып, аяқ-қолым дірілдеп, демім тартылып дәлізге шықтым. Осыны байқаса керек, анашым күлімдеп келе жатты. Қолында бір бума дала гүлі бар. Өзі жинаған, аспан көк түсті лентамен бантик етіп буып алған. Бұл менің ең алғашқы гүл шоғым еді. Қазір әр сахнадан кейін құшақ-құшақ гүлдер алғанда, сол алғашқы гүл шоғымның иісі есіме келеді де тұрады. Ал сіздің ең алғашқы алған букетіңіз есіңізде ме?», - деді Жұлдыз Әбдікәрімова.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий