Айдос Сұлтанғали – грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды

Айдос Сұлтанғали – грек-рим күресінен әлем чемпионы атанды
20.09.2025 21:56
0
241
Айдос Сұлтанғали

Айдос Сұлтанғали Қазақстанға алтын медаль әкелді, деп хабарлайды POLITICO.KZ порталы.

Қазақстандық палуан Айдос Сұлтанғали грек-рим күресінен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Хорватия астанасы Загребте өткен біріншіліктің финалында ол 60 келі салмақта жеңіске жетті. Бұл – Қазақстанның осы күрес түрінен 26 жылда алған алғашқы алтын медалі.

Ақтық сында отандасымыз өзбекстандық Әлішер Ганиевтен басым түсіп, әлем чемпионы деген атаққа қол жеткізді.

Чемпиондыққа дейінгі жолда Айдос Сұлтанғали АҚШ, Израиль, Солтүстік Корея және Грузия спортшыларын жеңген болатын. Ширек финалда ол Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Сеун Лиді тізе бүктірді.

Айта кетейік, грек-рим күресінен бұған дейін 1999 жылы Мхитар Манукян әлем чемпионы атанған еді. Осылайша, Сұлтанғали ХХІ ғасырда бұл жетістікке жеткен алғашқы қазақстандық палуан болды. Оның қоржынында бұған дейін екі рет әлем чемпионатының қола жүлдесі болған.

Алтын медаль 29 жастағы қызылордалық палуанның спорттық мансабындағы ең ірі жетістігі.

🅟Журналист: Арман Ермеков
Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий