Әйел өз жерлеу рәсімі алдында тіріліп кетті

Әйел өз жерлеу рәсімі алдында тіріліп кетті
29.03.2025 10:09
0
159
oxu.az

Жерлеу рәсіміне санаулы минуттар қалғанда, есінен танып өлді деп есептелген әйел кенеттен көзін ашып, туыстарын есеңгіретіп тастады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Oxu.Az порталының хабарлауынша, әйел өзін нашар сезініп, есінен танып қалған. Туыстары оның қайтыс болғанына сенімді болған соң, жерлеуге дайындық жұмыстарын бастаған. Алайда, ритуалдық жуындыру рәсімі кезінде әйел аяқасты тіршілік белгілерін көрсете бастап, көзін ашқан.

Жедел жәрдем шақырылып, әйел ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оған алдын ала диагноз ретінде "Лазарь синдромы" деген қорытынды жасады. Бұл – жүрек тоқтағаннан кейін қан айналымының өздігінен қалпына келуімен сипатталатын өте сирек кездесетін медициналық құбылыс. Аталмыш құбылыс атауын Інжілде баяндалған Лазарьдың қайта тірілуі туралы оқиғадан алған.

Алайда, бұл жағдайға қатысты ресми медициналық растау әзірге берілген жоқ.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий