Айгүл Иманбаева жолдасы туралы бар құпияны жайып салды
2390
Белгілі әнші Айгүл Иманбаева жеке өмірі туралы Salem America жобасында алғаш рет ашық айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Өнер иесі берген сұхбатында жолдасының кім екеніне, оның өмір салты мен болмысына тоқталды. Айгүл Иманбаеваның айтуынша, жұбайы – ІТ саласының маманы. Бұл бағыт әншіге аса таныс емес екенін де жасырмады.
«Мен – үнемі адамдардың ортасында жүретін, көпшілікке ашық шығармашылық адаммын. Ал жолдасым керісінше – тұйықтау, өз әлемінде өмір сүретін жан. Кейде оның айтқанын толық түсіне бермеймін», – деді ол.
Сондай-ақ әнші жолдасымен таныстығы Нью-Йоркте басталғанын айтты. Жұбайы ұзақ уақыттан бері АҚШ-та тұрады, ал Айгүл Иманбаева ол жаққа жиі барып жүрген.
Әншінің бұл ашық әңгімесі желі қолданушылары арасында қызу талқыланып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
17:19
Түнде Астанада әскери техника қаптады: Билік се...
03.10.2026
16:01
Дубай–Тель-Авив рейсіндегі төтенше жағдай: Екін...
03.10.2026
15:05
Тоқаев Қорғаныс министрлігіндегі үш жоғары лауа...
03.10.2026
14:17
Қызылорда облысында 500-ден астам мұғалімнің же...
03.10.2026
13:16
Түрмеде отырып 4 млн теңге жымқырған: Қазақстан...
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...