Айнұр Тұрсынбаева: Ашуланшақ әйел тез қартайып, семіріп кетеді
657
Айтыскер-ақын Айнұр Тұрсынбаева әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, оқырмандарына өмірде кездесетін күйзелістерден қалай шығуға болатыны жөнінде кеңес берді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.
Ол адамдардың ашуланып, жылап, уайымдайтыны қалыпты жағдай екенін айта келе, өмірді тек күйзелістерге арнап өткізу дұрыс еместігін атап өтті.
«Бала-шағаға шаптығып, күйеуге ренжіп, енемен ерегісіп, өмірге өкпелеп адам ешқашан мақсатына жете алмайды… Себебі ашу, ыза, реніш адамның ресурсын жойып жібереді…»
Коуч ретінде белгілі ақын өз жазбасында күйзелістен арылудың бірнеше әдісін ұсынды:
- Қандай қиындық болса да күлімсіреп үйрену.
- Біреу намысыңызға тисе, оған «рахмет» деп айту.
- Балаларға ашуланған кезде, оларға ұрыспай, құшақтау.
- Ренжіткен адамдарға «кешірші енді» деп айту.
- Жүйкеңізді жұқартатын жағдайларға назар аудармау.
Айнұр Тұрсынбаева әр адам өз өмірін өзі басқаруы керектігін баса айтты:
«Сіздің шаңырағыңызды біреу келіп шаттыққа толтырмайды! Күйеуіңіздің абыройын ешкім көтеріп бермейді! Балаларыңыздың бақыты тек сізге керек! Өзіңізді өзіңіз жұбатып үйренбесеңіз, басқалар сізге жаны ашиды деп үміттенбеңіз! Өміріңізді өз қолыңызға алыңыз!»
Бұл кеңестер көптеген оқырмандардың көңілінен шығып, қызу пікірталас туғызды.
Соңғы жаңалықтар
01.07.2026
10:15
Миллиардерлер ауылы: Боранбаев Лондондағы құпия...
01.07.2026
09:55
Назгүл Қарабалина Азамат Сатыбалдымен некесі жә...
01.07.2026
09:31
Конституция еліміздің алдағы онжылдықтардағы да...
01.07.2026
08:52
Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді: Ел...
01.07.2026
08:26
Тоқаев үндеу жасады
30.06.2026
21:24
«Ерте-кеш кететінімізді Құдай ғана шешеді»: Жам...