Айнұр Тұрсынбаева: Балаларға "иттің баласы" деген сөздерді айтуға болмайды

Айнұр Тұрсынбаева: Балаларға
30.03.2025 16:10
0
252
Фото: instagram.com/aidyn_nury

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаева ата-аналарға маңызды ескерту жасап, бала тәрбиесіндегі сөздің құдіретін ерекше атап өтті, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Ақынның айтуынша, отбасындағы берекенің басты кепілі – ананың бақытты болуы. Ол ата-аналарға балаларына ауыр сөз айтып, оларды қорқытудан аулақ болуға кеңес берді.

"Егер балаларыңыздың тұлға болып қалыптасқанын қаласаңыз, әйеліңізді бақытты қылыңыз! Әйел риза болмаса, отбасының берекесі кетеді. Өзінің ата-анасын жамандайтын адамдардан алыс жүріңіз. Балаларға ешқашан 'жоғал', 'құрып кет', 'иттің баласы' деген сөздерді айтуға болмайды. Ананың әрбір сөзі – дуа!" – деп жазды ақын.

Сонымен қатар, Тұрсынбаева балаға болашағы туралы қате бағдар беретін сөздерді айтпауға шақырды.

"Балам өскенде қыздардың бәрі соңынан жүгіреді" немесе "қызым өскенде бүкіл жігітті ғашық қылады" деген сияқты сөздерден аулақ болу керек. Өз ата-анасынан қорқып өскен бала кейін өз ойын ашық айта алмайды."

Ақынның бұл жазбасы әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланып, ата-аналарға ой салды.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий