"Айтатын жаңалық көп": Көптен бері көрінбеген Дариға Бадықова ел алдына шықты
Актриса Дариға Бадықова біраз уақыт ел назарынан тыс қалып, көпшілік алдына шықпай кеткен еді. Жақында өнер иесі қайта оралып, өз өміріндегі қиын кезеңдер мен ішкі күйзелістері туралы ашық айтты, деп хабарлайды Politico.kz.
Актрисаның айтуынша, әр адамның өмірінде сырт көзге көрінбейтін ауыр сәттер болады. Ол көп нәрсені іште сақтауға тырысқанын, бірақ кейде ашылып кететін кездер болғанын жасырмады.
«Айтатын жаңалық көп. Бір уақыты келер осындай жағдайлар болған деп ше. Не көрмедім десем. Шынымды айтамын деп сырымды айтып қойыппын болмайын құрсын. Не нәрсе ішімде ғой. Айтсам да, маған жандарыңыз ашымауы мүмкін. Ойй бұл пысық, тірлігі бар деп. Пысықтардың да, жүрегі бар. Просто жертво болғанды ұнатпайды. Себебі маған адамдардың аяныш күймен қарағаны ұнамайды. Оның үстіне біздегі стереотип жалқауларға жан ашу», — деді ол.
Сондай-ақ актриса қазіргі шығармашылығына да тоқталып, өмірге жақын тақырыптарды экранға шығаруды мақсат ететінін жеткізді.
«Оны киномен көрсеткен ұнайды. Жалпы мен киноның желісін өмірдегіндей болсыншы деймін. Әр үйде, тіпті шет ел деп жатқан отбасыларында да, бар. Отбасы жағдайы біздің өмірдің күйі. Өмірге жақын кино түсірген басты мақсатым. Таптым-ау сені фильміне барыңыздар ертең демалыс тура өмірдегіндей кино көресіздер», — деп жазды актриса.
Желі қолданушылары актрисаның бұл жазбасын жылы қабылдап, қолдау білдіріп жатыр.
Соңғы жаңалықтар