Айжұлдыз Адайбекова мен күйеуінің үйлену тойы белгіленді

Айжұлдыз Адайбекова мен күйеуінің үйлену тойы белгіленді
29.04.2025 16:44
0
242
Фото: әлеуметтік желі

Өткен аптада ерекше стильде ұзату тойын өткізіп, ел назарын өзіне аударған блогер әрі актриса Айжұлдыз Адайбекованың үйлену тойы 3 мамырда өтетіні белгілі болды. Бұл туралы оның анасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жанар Айжанова «1001 түн» бағдарламасына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Жанар Айжанова қазіргі уақытта шығармашылықпен белсенді айналысып жүргенін, Алматыда үлкен концерт өткізгенін және 30 сәуірде Астанада да спектакль-концерт өткізуді жоспарлап отырғанын жеткізді.

«Әрине, Алматы мен Астанада ғана емес, оңтүстік өңірлерді де аралаймыз. Мамырдың 3-і күйеу баламның тойы. Оған енді бармасам болмайды ғой, құдағимын. Сол тойдан кейін, шамамен 10 мамырдан бастап Шымкент, Тараз, Түркістан қалаларына барамыз», – деді ол.

Айта кетейік, Айжұлдыз Адайбекованың ұзату тойы әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен болатын. Ерекше безендірілген киімі мен салт-жоралғылардағы тың шешімдер көпшіліктің назарын аударған еді. Енді көпшілік жас жұбайлардың үйлену тойын асыға күтіп отыр.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий