Қазақстан NCOC-ден $150 млрд өтемақы талап етіп отыр ма – Энергетика министрлігінің жауабы
434
Энергетика министрінің кеңесшісі Шыңғыс Ілиясов «Қазақстан Қашаған кенін игеріп жатқан мұнай компанияларына қарсы өтемақы сомасын 150 млрд долларға дейін көтерді» делінген ақпаратқа пікір білдірді.
Қашаған кен орнын игеріп жатқан халықаралық мұнай алпауыттарына қарсы төрелік талап қою сомасын 150 млрд долларға (67,3 трлн теңге) дейін арттырғанын, шығындар бойынша дауға қосымша алынбай қалған пайда үшін өтемақы талап еткендігін жазған болатын.
Өткен жылдың көктемінде Қазақстан Үкіметі елдің батысында мұнай-газ кен орындарын игеріп жатқан North Caspian Operating Company N.V. және Karachaganak Petroleum Operating BV операторларын халықаралық сотқа берді. Мемлекет компанияларды тендер тәртібін бұзды, Қашағандағы мердігер міндеттемесін толық орындаған жоқ деп айыптады. Bloomberg агенттігі 5 сәуірде Қазақстан билігі серіктестерінің Қашаған бойынша 13 млрд, Қарашығанақ бойынша 3,5 млрд доллар шығынды ұстап қалғанына наразы болып отырғанын атап көрсетті.
Аталған дауға қатысты Энергетика министрлігі пікір білдірді.
2023 жылдың сәуірінде Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Қарашығанақ және Қашаған кен орындарының операторларына қарсы сотқа шағым берілгенін, ол Қазақстан халқының мүддесін қорғау мақсатында түсірілгенін атап өткен еді.«NCOC консорциумымен төрелік талап қою туралы жарияланған ақпаратқа қатысты Қазақстан Энергетика министрлігі мынаны хабарлайды: Солтүстік Каспий жобасы бойынша Өнімді бөлу туралы келісім ережелерінің шарттарына сәйкес төрелік даулардың, талап-арыздардың егжей-тегжейі жария етілмейді. Бұл - тараптар төрелік рәсімдер аясында шешуге ниетті ерекше коммерциялық дау», - деді Шыңғыс Ілиясов.
Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың наурызында Каспий теңізіндегі «Қашағаннан» мұнай өндіретін NCOC компаниясына салынған 12 млрд 419 млн теңге айыппұл өндірілген болатын. Экологиялық реттеу және бақылау комиетінің мәліметінше, 2022 жылы экологиялық инспекция «North Caspian Operating Company» (NCOC) компаниясының теңіз кешеніне тексеру жүргізілген. Оның нәтижесімен экологиялық талаптардың нормаларын бұзу, оның ішінде экологиялық рұқсатсыз күкіртті газды жағу, өндірістік суларды Каспий теңізіне тазартусыз ағызу фактілері анықталып, 5 әкімшілік іс қозғалған.«Сомалар 3,5 млрд долларды және 13 млрд долларды құрайды», - деп түсіндірген болатын Алмасадам Сәтқалиев.
Соңғы жаңалықтар
21.05.2026
23:29
АҚШ азаматтығын алып беремін деп 896 млн теңге ...
21.05.2026
22:41
Қазақстанда ірі шетелдік инвестициялық жобалар ...
21.05.2026
22:28
Ресей Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан қазақ...
21.05.2026
21:39
Алматыда әскери колледж басшылығы Қайрат Сатыба...
21.05.2026
21:19
Алматыда қоқысты энергияға айналдыратын зауыт с...
21.05.2026
20:19
Тоқаевтың экс-баспасөз хатшысы жаңа лауазым алды