Қазақстан Өзбекстан және Қытаймен суды бөлу жөніндегі келісімдерге қол қояды
573
Қазақстан Өзбекстанмен және Қытаймен трансшекаралық өзендердегі суды бөлу туралы келісімдерге қол қою жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.
Бұл туралы Үкімет отырысында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлім етті.
Министр трансшекаралық су ағындарын бірлесіп пайдалану және көршілес мемлекеттермен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі іс-шараларға тоқталды. Елдегі 8 су бассейнінің 7-і трансшекаралық болып табылады. Соның салдарынан Қазақстан негізінен көрші елдердің (Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы және Орталық Азия елдері) су шаруашылығы саясатына тәуелді болып отыр.
Министрлік трансшекаралық су объектілерін пайдалану және қорғау мәселелері бойынша келіссөздер тобы мүшелерінің құзыретін күшейтуді көздеп отыр.
“Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2024-2030 жылдарға арналған тұжырымдамасында Қазақстан Үкіметінің Өзбекстанмен келісімдерге қол қоюы және Қытай трансшекаралық су объектілеріндегі суды бірлесіп басқару, пайдалану және бөлу туралы – бұл мемлекетаралық су қатынастарын дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, министрлік Орталық Азия елдері арасындағы су-энергетикалық ынтымақтастық туралы келісім жобасын әзірлеуде, - деді министр Нұржан Нұржігітов үкімет отырысында.
Соңғы жаңалықтар
13.08.2026
18:17
«Мекке мен Мәдинаға апарамыз»: Астанада 60 млн ...
13.08.2026
17:45
Нұрайды пышақтап өлтірген Шерхан Аймахан өмір б...
13.08.2026
17:29
Қайсар Қамза ісінде жаңа есімдер: күдіктілер ар...
13.08.2026
17:10
Ақтөбеде судья тірі жүрген 10 жасар қызды өлді ...
13.08.2026
16:47
"Дәстүр бойынша жалаң аяқ жерге тұрғыздық": Қай...
13.08.2026
16:16
«Мені қамап тастаса да...»: Қазақ тілі үшін шыр...