Қазақстанда букмекерлік кеңселер барлық деректерін салық органдарына өткізіп отыруға міндеттелді
620
2023 жылғы 12 желтоқсанда Салық кодексіне Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйелерімен аппараттық-бағдарламалық кешендердің интеграциясын қамтамасыз ету бойынша букмекерлік кеңселер мен тотализаторлардың міндетін көздейтін өзгерістер енгізілді (Салық кодексінің 24-бабының 26-тармағы).
Бұл түзетулер 2024 жылғы 12 ақпаннан бастап күшіне енеді.
Интеграциялық өзара іс-қимыл тәртібі тиісті қағидалармен айқындалады. Бүгінде ол қағидалар әзірленген және мүдделі мемлекеттік органдармен келісу барысында.
Қағидалар букмекерлік кеңселер мен тотализаторлар мемлекеттік кірістер органдарына беретін және салық салу мақсаттары үшін пайдаланылатын деректерді айқындайды (бәс тігуге қатысушының ЖСН-і, ставкалар сомасы, бәс тігу нәтижелері, ұтыстар сомасы, ойын шотынан толықтыру/алу).
"Бұл нормалар салықтық әкімшілендіруді жетілдіруге, сондай-ақ мемлекеттік органдар мен бизнес субъектілері арасындағы тиімді өзара ақпараттық іс-қимылды әзірлеуге бағытталған. Алынатын мәліметтердің құпиялылығы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарға, сондай-ақ "Ақпараттандыру туралы" ҚР Заңына сәйкес қамтамасыз етілетін болады", - деп хабарлады меморган.
Соңғы жаңалықтар
27.09.2026
18:02
Тоқаев Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды
27.09.2026
17:04
24 жыл күткен алтын: Қазақстандық семсерлесушіл...
27.09.2026
16:13
«Никита өзін өзі құтқарды»: Каспийдегі қайғылы ...
27.09.2026
15:14
«Командир мас күйінде болған»: Каспийдегі қайғы...
27.09.2026
14:26
Тоқаев жаңа Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметов...
27.09.2026
13:38
«Менің күйеуім кінәлі емес»: 14 сарбаздың қазас...