Қазақстанда лотерея дүңгіршектеріне тыйым салынды
590
Бүкіл Қазақстан бойынша электронды лездік лотереяларды сататын дүңгіршектердің жұмысы тоқтатылды. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ведомстводағылар бұл дүңгіршектерге қатысты қазақстандықтар мен мемлекеттік органдарға шағымдар жиі түсетінін түсіндірді.
"Сондықтан, Туризм және спорт министрлігі 2023 жылы екі рет – мамыр және қараша айларында лотерея операторы – "Сәтті Жұлдыз" АҚ-на лотерея клубтарының жұмысын және электронды лездік лотереяны ұйымдастыруды жақсарту бойынша ұсынымдар жіберді", - деп жазылған хабарламада.
Министрліктің 2024 жылғы 20 қаңтардағы соңғы ұсынымдарына сәйкес лотерея операторы 2024 жылғы 30 қаңтардан бастап республика бойынша Lotomatic терминалдары/дүңгіршектер арқылы электронды лездік лотереяны таратуды уақытша тоқтатты.
Соңғы жаңалықтар
08.10.2026
20:21
Karachaganak Support Service басшысы 948 млн те...
08.10.2026
19:50
Қазақстанда жәрдемақы көрші елдерден жоғары: эк...
08.10.2026
19:37
Қазақстанда үш жанармай бекетінен сапасыз бензи...
08.10.2026
19:10
Қазақстан Орталық Азияда әлеуметтік қорғау бойы...
08.10.2026
18:42
Непалда жоғалған екі қазақстандық әлі табылмады...
08.10.2026
18:28
Астанада алаяқ футболшыларды Испанияға апарамын...