Қазақстанды Ресейге қосу туралы пікір айтқан ер адам жазадан құтылып кетті
409
Атыраудағы сот Қазақстанды Ресейге қосу туралы пікір айтқан ер адамды жауапкершіліктен босатып жіберген,-деп хабарлайды politico.kz
Қолына қару ұстаған ер адамның "Қазақстан жақын арада Ресейге қосылады" деп айтып, жанындағы бірнеше адамның күлгені естілген бейнежазба желіде кеңінен тарап кеткен болатын.
“Біз тұратын қала Атырау деп аталады. Бұл қала Самарадан небәрі 500 шақырым жерде. Мұнда 50% орыстар болған, қазір жан-жақтан келіп, ақырындап бізге қысым көрсетіп жатыр. Бірақ біз Беларусь сияқты Қазақстан да Ресейсіз ешқайда бара алмайды деп есептейміз. Менің атым Максим, ең бастысы, ҰҚК басып кірмесе болды", – дейді ер адам.Кейін желіде Максимнің екінші видеосы пайда болды. Онда ол өзінің пікірі бұрмаланғанын және шын мәнінде Қазақстан азаматы екенін айтып, сөзі үшін елден кешірім сұрайды. Облыстық Полиция департаменті қаңтарда күдіктінің үстінен заңсыз қару мен есірткі сақтағаны, сондай-ақ ұлтаралық араздықты қоздырғаны үшін қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Алайда психофизиологиялық сараптама ұлттық немесе діни араздықты қоздыру фактісін анықтаған жоқ. Нәтижесінде, бұл айып бойынша қылмыстық іс тоқтатылды. Алайда есірткі мен қаруды заңсыз сақтағаны үшін жауапқа тартылған.
Соңғы жаңалықтар
14.08.2026
23:59
Ақын Бекжан Әшірбаев өмірден өтті
14.08.2026
23:14
Алматыда жаппай жарық өшкенде «Сергек» айыппұл ...
14.08.2026
23:05
Ирина Раззах: 9-кезеңде қан, жүрек және көз аур...
14.08.2026
22:50
2044 жылға дейін баю үшін қай салаға бару керек?
14.08.2026
22:02
Тамара Асар күйеуінің марқұм ұлы туралы: Аналық...
14.08.2026
22:02
40 мың адам күткен концерт болмай қалды: Канье ...