Қазақстандық Алиби Идрис UFC-де жарқын жеңіспен дебют жасады
847
Алиби Идрис дебютінде сенсация жасады
Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Алиби Идрис әлемдегі ең беделді промоушен – Ultimate Fighting Championship ұйымында алғашқы жекпе-жегін өткізіп, сенсациялық жеңіске қол жеткізді, деп хабарлайды Politico.kz.
Астананың уақытымен таңсәріде өткен айқаста Идрис аса жеңіл салмақта америкалық, ямайкалық тегі бар спортшы Оде Осборнға қарсы шықты. Қазақстандық файтер жекпе-жек бойы айқын басымдық танытып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, кездесу АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен UFC Fight Night турнирі аясында ұйымдастырылды. Идрис прелим-кардта өнер көрсетті. Кештің басты жекпе-жегінде Sean Strickland пен Anthony Hernandez октагонға шықты.
Бұл жеңіс арқылы Алиби Идрис кәсіби мансабындағы көрсеткішін 11 жеңіс, 1 жеңіліске жеткізді. UFC-дегі жарқын дебютінен кейін жанкүйерлер қазақстандық спортшыдан үлкен үміт күтіп отыр.
Соңғы жаңалықтар
05.10.2026
23:11
Өскемендегі дәмханалардың бірінде полиция қызме...
05.10.2026
21:57
«Барыс» буллит сериясында «Спартакты» жеңіп, мә...
05.10.2026
21:33
"Бөтен еркектің ұрығын салған". Ерлі-зайыпты кл...
05.10.2026
21:18
Асхат Тарғын: Әншілерді сахна немесе тойдікі де...
05.10.2026
21:09
Chevron компаниясы жаңа жылдан бастап басшылық ...
05.10.2026
20:57
Роза Әлқожа: Еркектер жағдайы жақсарса, неге бі...