Әжейдің қабырғасын сындырған полицей жұмыстан қуылды
Алматы облысында зейнеткерді үйінен күштеп шығару кезінде оның қабырғасын сындырған полиция қызметкері жұмыстан босатылды. Бұл туралы ақпаратты тележүргізуші Динара Сәтжанның QOGAM news Telegram-арнасы хабарлады.
Қайғылы оқиға қазан айының басында Өтеген батыр ауылында болған еді. Сот орындаушыларының 77 жастағы әжейді үйінен шығаруы кезінде тәртіп сақшысы оны итеріп жіберген. Сүйенішке соғылған кейуананың кейіннен қабырғасы сынғаны анықталды. Бұл сәт видеоға түсіп қалып, әлеуметтік желіде қоғамдық резонанс тудырған болатын.
ІІМ басшысы Ержан Сәденовтің хабарлауынша, әжейге күш көрсеткен қызметкер ішкі істер органдарынан шығарылды. Сонымен қатар, оның тікелей басшыларына қатысты да тәртіптік тексеріс басталды.
Еске сала кетейік, оқиға 2 қазанда орын алған. Видео тараған сол күні Алматы облысы полиция департаментінің бастығы Мейрам Әбікеев әжейге дөрекілік көрсеткен қызметкерге қатысты тергеу тағайындалғанын хабарлаған еді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
16.10.2026
16:09
Астанада телефонға алаңдаған автобус жүргізушіс...
16.10.2026
15:56
Ақтөбедегі жарылыс: газ құю бекетінің иесі сотт...
16.10.2026
15:44
«Басты мақсат — ақша табу емес»: Димаш Грэмми ж...
16.10.2026
14:43
Қазақстандықтар киім мен аяқкиімге қанша ақша ж...
16.10.2026
14:09
Дариға Бадықованың асырап алған қызының қазір н...
16.10.2026
13:23
Қазақстанда әлеуметтік көмек қысқармайды: Бекте...