Ажырасу жиілігі бойынша Қазақстан Мальдив аралдарынан кейінгі орында тұр
253
2008 жылы көпжылғы динамикада некеге тұрудың ең төмен көрсеткіші тіркелген болатын. 135 мыңнан астам жұп ресми түрде отбасылы болды. Бұл кезде елдегі халық саны 16 миллион адамға да жетпеген еді.
Қалаларда 2023 жылғы қаңтар-желтоқсан айларының қорытындысы бойынша тіркелген неке саны 6,4%-ға, 80 мыңға дейін, ауылдарда – 5,1%-ға, 40,9 мыңға дейін қысқарған.
Ажырасу саны да ҚР үшін рекордтық төмен көрсеткішке айналды: өткен жылдың 12 айында бар болғаны 16,8 мың неке тіркелді, бұл бір жыл бұрынғыдан 5,3%-ға аз. Қалаларда ажырасу саны бір жылда 5,2%-ға, 12,4 мыңға дейін, ауылдарда – 5,5%-ға, 4,4 мың жұпқа дейін азайған.
Өңірлер бойынша ең көп неке Алматыда тіркелген: 13,1 мың, бұл бір жыл бұрынғыдан 4%-ға аз. Одан кейінгі орында Түркістан облысы (11,8 мың, жылына минус 11,4%) және Астана (10,4 мың, минус 2,8%) тұр. Ең аз неке Ұлытау облысында тіркелген – 1,5 мың.
Ажырасудың ең көп саны да Алматыда тіркелді: 2,3 мың, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 2,1%-ға аз. Одан кейін Қарағанды облысы (1,5 мың ажырасу) мен елорда (1,5 мың) тұр. Ең аз ажырасқандар Ұлытау облысында болған – небәрі 198.
Қазақстанда 2023 жылдың қаңтар-желтоқсан айларының соңында неке қию көрсеткіші 1 000 адамға шаққанда 6,46-дан 6,07-ге дейін төмендеді. Некенің ең жоғары көрсеткіші елордада тіркелді – 1 000 адамға шаққанда 7,46. Үздік «үштікке» Ұлытау мен Алматы облыстары да кірді. Ең төменгі көрсеткіш Түркістан облысында тіркелген.
Бір жыл бұрын өңірлер бойынша ажырасудың ең жоғары көрсеткіші Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Павлодар облыстарында, ең төмені Түркістан облысында тіркелді.
Petrelli Previtera-ның 2024 жылдың 4 наурызында жаңартылған мәліметінше, Қазақстан ажырасу деңгейі бойынша дүние жүзінде Мальдив аралдарынан кейінгі екінші орында тұр.
Мамандар еліміздегі ажырасудың негізгі себебі туыстардың араласуы (61%), моральдық шектеулердің жоқтығы (41%), ажырасу процесінің жеңіл болуы (25%) екенін атап өтті. Сондай-ақ қазіргі қазақ ерлері мен әйелдеріне сәйкес келмейтін қатал гендерлік рөлдердің сақталуы және некеге деген жалпы өзгерген көзқарас проблемалар қатарында тұр.
Бір қызығы, ажырасу көрсеткіші жоғары болғанымен, қазақстандықтар неке институтын әлі де жоғары бағалайды. Зерттеулер көрсеткендей, Қазақстан жастарының 82,5%-ы (18-29 жас) өз болашағын некеде және балалы болуда көреді.
«Ажырасқан» елдердің алғашқы «ондығына» Гуам, Ресей, Молдова, Беларусь, Қытай, Аруба, Литва және Доминикан Республикасы кірді.
Соңғы жаңалықтар
01.04.2026
17:25
Жасөспірім қызды «әйелдікке алған» 38 жастағы е...
01.04.2026
16:52
Шымкентте базар басшысы зорлық жасады деген күд...
01.04.2026
16:08
Kazakhmys Barlau мыс пен алтын қорын 11 жылға ж...
01.04.2026
15:37
Әйелдерінің бірін шәкіртіне берген имам туралы ...
01.04.2026
15:00
"Шүкір айту ертерек сияқты": Жұлдыз Әбдікәрімов...
01.04.2026
14:12
Алматыда 14 қылмысты жасырған тергеуші бостанды...