«Балалар арамызға көпір салады»: Мөлдір Мұқан күтпеген мәлімдеме жасады

08.11.2025 09:54 Әсел Мұрат
«Балалар арамызға көпір салады»: Мөлдір Мұқан күтпеген мәлімдеме жасады
0
222

Танымал продюсер Мөлдір Мұқанова Жанар Байсемізге берген сұхбатынан кейін жазба жариялады, деп хабарлайды POLITICO.KZ.


« Кейде өміріңнің бір сәті бүкіл елдің әңгімесіне айналып кетеді екен... Қоғамдағы дүмпудің ортасында қалдым. Подкасттан шыққанда өзңм жеңілденіп, жүрегімдегі мұз еріп, рахаттанған едім. Подкаст эфирге шыққан сәттен бастап бұл сезімдер мың құбылды. Қолдаған әр сөз, жылы пікір жүрегіме жылу берді. Рақмет, достар! Әсіресе психолог сияқты эксперттерге ерекше алғыс. Бірақ сол сұхбатқа суық есеппен біреуге бойкот болсын деп бармадым. Өзгеге зиян тигізу ниетім жоқ!», – деп жазды ол әлеуметтік желісінде.

Продюсер ер адамның әрекетінен қатты қиналғанын да жасырмады.

«Жүрегім жылап тұрса да, сыртымнан күліп, жарамды елден жасыруға көп күш жұмсадым. Бірақ... ер адамдарға деген құрметім азайған жоқ, ортаймады да.  Өйткені олар барда біз әйелміз, нәзікпіз, еркеміз. Мен қазір жалғыз мақсатпен өмір сүріп келемін. Өзімді және бес баламды асырау үшін еңбек ету. Шығармашылығым хайп үшін емес, тіршілік үшін. Өмір ғой. Ешкім ештеңеден сақтандырылмаған. Сондықтан өтінемін, түк кінәсі жоқ балалардың жүрегін ауыртпаңыздар. «Көресіңді сөйлегеніңнен көресің» дейді ғой, алда не күтіп тұрғанын ешкім білмейді», – деп жазды Мөлдір Мұқан.

Ол осы уақытқа дейін үсітпен өмір сүргенін айтып, 14 жыл уақытын өткізіп алғанын жасырмады

«Сандардан шатасатыным бар. Подкастта 21 жыл дей беріппін. 22 жылдық неке мені мықты етті, потенциалымды ашты, бақытты ана етті. Бақытты жар да болғанымды жоққа шығармаймын! Алғыстамын! «14 жылыңды шыдаммен өткізгенің қалай?» деген сұрақ бәрін мазалап жатыр. Мен сұрағыма жауап күтіп, шешім күтіп, белгісіздікте жүргенде осынша уақыт зу еткен. Үмітпен алдап, жылдарымды ұрлаған жанға жамандық тілеуге хақым жоқ. Балаларымның әкесі. Байланыс үзілсе де, балалар бәрібір арамызға көпір салады», – деді ол.

Продюсер сұхбаттан кейін көп адамның көкейінде жүрген «Ажырасқаныңыз рас па?» деген сұрақтан босап, жеңілдегенін атап өтті.

«Өмірде одан да ауыр күндер өткен. Бұл да өтеді. Бастысы аман болайық! Ажырасқан отбасы көп. Неге біздің жағдай ерекше назарда? Бұл жерде себеп атақ пен танымалдықта емес. Әйелдер менің жағдайымнан өз іштеріне жасырынған жарасын көрді. Менің дайректім мен ватсабыма қарап түйген ойым – мен сияқты опасыздық көрген әйел өте көп. Мен ашық айтқан соң ортақ жараны қоғам боп тырнап жіберді... Өмір жалғасады. Қызықтың бәрі алда! Бәріңізге рахмет! Әрбір тұрмысқа шыққан қыздың сүйікті болуын тілеймін! Жыламасын аналар! Жыламасын балалар!», – деп түйіндеді Мөлдір Мұқан.
 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий