Баланы ернінен сүйген астаналық келіншек жауапқа тартыла ма: полиция не дейді?

06.10.2026 • 12:58 Әсел МҰРАТ
Баланы ернінен сүйген астаналық келіншек жауапқа тартыла ма: полиция не дейді?
360
Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Астанада әйелдің кішкентай баланы ернінен сүйіп жатқан видеосы тарады. Оқиғаға қатысты полиция тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Politico.kz.

Әлеуметтік желіде тараған видео көпшіліктің назарын аударып, қоғамда қызу пікірталас туғызды.

Астана қаласы полиция департаментінің мәліметінше, видеодағы 23 жастағы әйел бүлдіршіннің анасының құрбысы болып шыққан. Қазір тәртіп сақшылары оның әрекетіне құқықтық баға беру үшін тиісті тексеру жұмыстарын жүргізуде.

«Тексеріс аяқталғаннан кейін құқық қорғау органдары болған оқиғаға құқықтық баға береді», – деп хабарлады полиция.

Сонымен қатар баланың анасы да жауапкершілікке тартылған. Полицияның мәліметінше, ол оқиғаны ұялы телефонына түсірген әрі баланы тәрбиелеу және оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамаған.

Войдите, чтобы оставить комментарий