Бала сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан

Бала сатып, ақша алған әйел мектепте сабақ беріп жүр — Қымбат Досжан
15.12.2024 12:26
0
240
Astana.tv

Белгілі тележүргізуші және диктор Қымбат Досжан әлеуметтік желіде күтпеген мәлімдеме жасап, қоғамда қызу талқы тудырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қымбат Досжан бала кезінде шетелге асырап алуға жіберілген, бүгінде "бельгиялық Жәнібек" атымен танымал Мұрат Савелиевтің анасын іздеп жүр. Бұл мәселеге назар аударту үшін ол әлеуметтік желіде өткір пікір білдірді.

"Бауыржан Момышұлы «Ұстаз адал болу керек, адал емес адам ұстаз бола алмайды» деген. Ал қазақ баласын сатып, ақша алған әйел қазір мектепте сабақ береді...," – деп жазды Қымбат Досжан.

Жазбасының соңында ол #Жәнібек деген хэштегті қалдырды, бұл әңгіменің басты кейіпкері Мұрат Савелиевке қатысты екенін меңзегені анық. Алайда тележүргізуші бұл туралы қосымша мәлімет бермеген.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий
или