«Баласымен ажырасқан әкелер»: Олжас Абайдың бұрынғы жұбайының әні елді шулатты

«Баласымен ажырасқан әкелер»: Олжас Абайдың бұрынғы жұбайының әні елді шулатты
Фото: Malim.kz

Актер Олжас Абайдың бұрынғы жұбайы Аймира Аманның орындауындағы жаңа ән әлеуметтік желіде көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Politico.kz.

Әсіресе туындыдағы ажырасқаннан кейін баласына жауапкершілік алмайтын әкелерге арналған жолдар қызу пікірталас тудырды.

Ән тараған соң желі қолданушылары оның Олжас Абай мен актриса Дариға Бадықоваға қатысы болуы мүмкін екенін болжаған. Алайда туындының авторы, ақын Айдана Сегізбаева бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Оның айтуынша, ән мәтіні әлдеқашан жазылған және нақты бір адамға арналмаған. Туынды отбасылық өмірі бұзылғаннан кейін балаларын жалғыз тәрбиелеп отырған аналарға қолдау білдіру мақсатында дүниеге келген.

Ақын ән арқылы ажырасқаннан кейін баласынан алыстап, әкелік міндетін орындамайтын азаматтарға ой салғысы келгенін жеткізді. Сондай-ақ ол көпшілікті туындыны белгілі бір адамдармен байланыстырып, негізсіз әңгіме таратуға асықпауға шақырды.

Әннің мазмұны желі қолданушылары арасында да қызу талқыланып жатыр. Желіде «Жүрекке жетті», «Бүгінгі күннің ащы шындығы», «Баланың тағдыры ойыншық емес» деген пікірлер жиі кездеседі. Кейбір тыңдармандар әншінің орындауын да жоғары бағалап, әннің әсерлі шыққанын атап өтті.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу