"Баласын далада өлтірген". Қырғызстандық отбасы АҚШ-та жұмбақ жағдайда қаза тапты

15.03.2025 12:05
0
729
slavicsac.com

АҚШ-тың Иллинойс штатында қырғызстандық иммигранттар отбасының өлімі жергілікті қауымды дүр сілкіндірді. 47 жастағы Бермет Анварбекова, 45 жастағы Азамат Доронбеков және олардың 5 жасар ұлы Амин қатыгездікпен өлтірілген, деп хабарлайды POLITICO.KZ slavicsac.com сайтына сілтеме жасап.

Бүлдіршіннің денесі үйінен табылса, ата-анасының мәйіттері басқа жерде анықталды.

Бұл қылмыс 8 наурыз күні белгілі болды. Қаза тапқан ерлі-зайыптылар АҚШ-қа 2012 жылы (кейбір деректерге сәйкес, 2011 жылы) көшіп келген. Көшкеннен кейін біраз уақыт Нью-Йоркте тұрған, кейін Иллинойс штатындағы Орора қаласына қоныс аударып, логистикалық компания ашқан.

Марқұмдардың отандастары GoFundMe платформасы арқылы қайырымдылық жинағын ұйымдастырды. Жиналған қаражат қылмыстық істі тергеу мен сот-медициналық сараптамалар аяқталған соң, мәйіттерді Қырғызстанға жеткізуге жұмсалады. Фандрайзинг сәтті аяқталып, қажетті 40 000 доллар жиналған. Бір адамның денесін тасымалдау шамамен 9 000 долларды құрайды. Қалған қаражат марқұмдарды жерлеуге және туған-туыстарына көмек көрсетуге бөлінеді.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий