Балқашта тұрғын үйдің кіреберісі опырылып түсті (ВИДЕО)
706
Қараменді би көшесіндегі №10 ғимараттың бесінші кіреберісі 2025 жылы техникалық есепке сәйкес қауіпті деп жарияланған, ішінде тұрғындар болмаған, деп хабарлайды Politico.kz.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, тұрғын үй бұған дейін апатты деп танылып, бұзуға жатқызылған.
Аталған подъезде ешкім тұрмаған. Зардап шеккендер жоқ. Аумақ қоршауға алынды. Кіреберіс қазір бөлшектеліп жатыр.
5-подъездің тұрғындары алдын ала қоныс аударылып, пәтерлері тұруға жарамсыз деп танылғандықтан, заңда белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаж азаматтар ретінде есепке қойылған.
Ғимарат қоршауға алынып, кіруге шектеу қойылды, инженерлік коммуникациялар (электр, жылу, су жүйелері) белгіленген тәртіппен ажыратылды.
Жұмыс аяқталғаннан кейін мамандар ғимараттың қалған төрт кіреберісін қосымша тексеріп, құрылымдық нығайту бойынша құжаттама әзірлейді.
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
12:21
Қарызын сұрағаннан кейін үйіне мылтықпен барған...
03.10.2026
12:20
Алматыда 270 ерекше бала оқитын мектеп жабыла м...
03.10.2026
11:18
Ақтауда бала өлімінен кейін балалар хирургі ұст...
03.10.2026
10:10
Атырауда көлік иелерін 1,1 млрд теңгеден астам ...
03.10.2026
09:13
Тікелей эфирдегі ойынның соңы түрмемен аяқталды...
02.10.2026
23:53
Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар т...