Балқаштағы дәмханада қонақтар арасындағы жанжал атысқа ұласты
1018
Дәмханадағы төбелес кезінде официант зардап шекті
Балқаштағы дәмханалардың бірінде болған жанжал атыспен аяқталып, мекеме қызметкері жарақат алды, деп хабарлайды Politico.kz.
Оқиға Қарағанды облысының Балқаш қаласында тіркелген. Алдын ала мәлімет бойынша, дәмханаға келген таныс адамдар арасында ауызша кикілжің туындап, ол кейін төбелеске ұласқан. Жанжал кезінде травматикалық қару қолданылған.
Салдарынан дәмханада жұмыс істейтін әйел қызметкер оқ жарақатын алған. Дәрігерлер оның жарақатының жеңіл екенін айтқанымен, нақты жағдайы әзірге жарияланған жоқ.
Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктілердің жеке басы анықталғанын мәлімдеді. Қазір оларды ұстау бойынша жедел іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр.
Тергеу барысы Қарағанды облыстық полиция департаменті басшылығының бақылауына алынған.
Соңғы жаңалықтар
06.10.2026
15:34
Әскери-теңіз күштерінің бұрынғы бас қолбасшысы ...
06.10.2026
15:27
«Алар белесі көп болсын»: Димаш Құдайберген ста...
06.10.2026
14:38
Ресей әскерінен қашып, Қазақстан шекарасын заңс...
06.10.2026
14:18
Астанада әйел көлік қоямын деп паркинг қызметке...
06.10.2026
14:05
Салмағы тышқандай: әлемдегі ең ауыр жәндік қайт...
06.10.2026
13:58
«Естеліктер жанымды сыздатады»: Әсел Асқар өмір...