​«Бәрі сол кезден басталған»: Фариза Ескермес өзге ұлттан шыққан күйеуі туралы жан сырын ақтарды

30.06.2026 13:53 Мөлдір ҚАЙНАР
​«Бәрі сол кезден басталған»: Фариза Ескермес өзге ұлттан шыққан күйеуі туралы жан сырын ақтарды
75
Фото: @fariza_yeskermes

​«Нұрикамал» фильміндегі басты рөлімен көпшіліктің сүйіктісіне айналған танымал актриса Фариза Ескермес өзге ұлттан шыққан күйеуі туралы ел білмейтін естелігімен бөлісіп, желіні жарды, деп хабарлайды Politico.kz.

 Өнер иесі жолдасы Андрейдің туған күніне орай өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында алғашқы кездескен сәттерінен архивтік суреттер жариялап, көпшілікті сүйсіндірді. Махаббат хикаясының қалай басталғанын айтқан актриса жолдасына деген ыстық сезімін білдіріп, жүрекжарды жазба қалдырды.

​«Туған күніңмен, Андрей! Қарашы, мынау біздің алғашқы суреттеріміз. Бәрі дәл сол сәттен басталған еді. Ал қазір мен сенің жарыңмын, өзің армандағандай. Сені қатты жақсы көремін және әрқашан жаныңнан табыламын! Бүгін барлық армандарыңды тіле, олардың бәрі міндетті түрде орындалады! Әлемдегі ең керемет күйеуім, туған күнің құтты болсын!» — деп жазды ол.

​Фариза Ескерместің бұл сырлас жазбасы оқырмандар арасында үлкен қызығушылық тудырып, желі қолданушылары актриса мен оның жарына жылы тілектерін жаудырды. Көпшілік өнер иесінің таңдауын қолдап, отбасылық бақыт тілесті. Әсіресе, қоғамдағы «өзге ұлтқа тұрмысқа шығу» мәселесіне қатысты пікір білдірген оқырмандардың жазбасы көптің назарын аударды.

​«Неге «Қазақ жігіт табылмады ма?» дей береді осы? Қараңыздаршы, Фаризаның көзінің отын сөндірмей, бойындағы талантын тұншықтырмай, әрдайым қасында болып қолдау білдіріп, күннен күнге құлпыртып жүрген осы жары емес пе? Әйтпесе тұрмысқа шыққаннан кейін өнерін аңсап, тасада қалып қалған талантты қыздарымыз баршылық ғой. Одан да тек бақыт тілейік те», «Біздің Фариза қызды еркелетіп, айтқанын істеп, көңілін тауып, алақанында аялап өтсін!» деп жазды ақ ниетті жандар.

Войдите, чтобы оставить комментарий