"Басы 600 метр жерден табылған": су қоймасы маңынан ер адамның мәйіті табылды
1597
Қырғызстанның Ош облысы Өзгөн ауданындағы Кемпир-Абад су қоймасының жағасынан белгісіз ер адамның сүйегі табылды, деп хабарлайды Politico.kz.
Жағалаудан табылған мәйіт туралы ақпарат аудандық милицияға түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы барып, тексеру жүргізді.
Тексеру барысында ер адамның басы денесінен шамамен 600 метр қашықтықтан табылғаны анықталды. Мәйіттің күн сәулесі түскен бөліктерінде түс өзгерістері байқалған.
Қазіргі уақытта марқұмның жеке басын анықтау шаралары жүргізіліп жатыр. Милиция қызметкерлері ықтимал куәгерлерден жауап алып, өлімнің нақты мән-жайын зерттеуде. Өлім себебін белгілеу үшін сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Құқық қорғау органдары ер адамның қаза болу себебі мен басының денеден неліктен бөлінгені туралы әлі ресми мәлімет берген жоқ. Оқиға бойынша жедел-іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр.
Соңғы жаңалықтар
28.09.2026
17:52
«Әрбір сарбаз өзін қауіпсіз сезінуі керек»: Жаң...
28.09.2026
17:30
Әл-Фарабидегі жол апаты: полиция бастығының экс...
28.09.2026
17:20
«Екі ұлымыздан айырылдық»: Каспийдегі сұмдықтан...
28.09.2026
17:06
«Қара бүркіт» емес: Атырауда 4 адамды өлтірген ...
28.09.2026
16:14
Үндістанда қазақстандық бапкер іздестіріліп жат...
28.09.2026
15:27
«Өз киімімді өзіңмен бірге жерлеймін»: Каспийде...