Батыс Қазақстанда құлаған 2 дронның қай елге тиесілі екені анықталады
1105
Қорғаныс министрлігі Қазақстанның батысында құлаған 2 ұшқышсыз ұшу аппаратының қай елден ұшып келгенін анықтау үшін арнайы комиссия құрды, деп хабарлайды Politico.kz.
Мәжіліс кулуарында Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков еліміздің батысында 2 дронның құлау дерегі тіркелгенін мәлімдеді. Ол бұл оқиғаны тергеп, аппараттардың қай мемлекетке тиесілі екенін анықтау мақсатында Қарулы күштер сарапшыларынан тұратын арнайы комиссия жұмысын бастағанын жеткізді.
Қазіргі уақытта Қазақстанда мұндай ұшу аппараттарынан қорғанатын құралдар жеткілікті және әуе қорғанысы қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
«Сондықтан қосымша заң актілерін өзгертудің немесе қабылдаудың қажеті жоқ, әуе кеңістігін бұзудың барлық дерегі тіркеліп отыр», – деді Асқар Мұстабеков.
Еске салайық, 2026 жылдың 26 наурызында Батыс Қазақстан облысының аумағында белгісіз ұшқышсыз ұшу аппараты табылған болатын.
Соңғы жаңалықтар
07.10.2026
08:40
Тізім Ресейге жолданады – СІМ Украинадағы соғыс...
06.10.2026
23:32
Ерлан Қарин Джеки Чанмен Қазақстандағы киножоба...
06.10.2026
23:28
Аптасына екі, жылына 120 кітап оқимын — Айдос С...
06.10.2026
23:17
Айдос Сарым: Билікті қатты сынап жүргендердің о...
06.10.2026
23:00
Блогер Дастан Мұхамедрахым: Менің үйім де, көлі...
06.10.2026
22:11
Айтуған Ғалымов: Әйелімнің тісін сындырған жоқпын