Батыс Қазақстанда Ресей дрондарының пайда болу себебі белгілі болды
1306
Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Қамалетдинов жауап берді
Батыс Қазақстан облысындағы ресейлік дрондар: Қорғаныс министрлігінің түсініктемесі
Көктем мезгілінде Батыс Қазақстан облысында ұшқышсыз аппараттардың пайда болуына қатысты Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары Сұлтан Қамалетдинов түсініктеме берді. Оның айтуынша, табылған ұшқышсыз аппараттардың басым бөлігі Ресей пайдаланатын полигон аумағынан табылған.
"Батыс Қазақстан облысының аумағында табылған ұшқышсыз аппараттардың 90 пайыздан астамы Ресей Федерациясының 926-шы бас ұшу-сынақ орталығының сынақ полигонының шегінде болған", — деп нақтылады Қорғаныс министрлігінің өкілі.
Аталған полигон мен оның үстіндегі әуе кеңістігін Ресей тарапы сынақтар үшін қолданады. Министр орынбасарының сөзінше, "Ресей өз ұшқышсыз ұшу аппараттарын өзі ұшырып, сынақтан өткізеді".
Дереккөз: ORDA
Соңғы жаңалықтар
03.10.2026
09:13
Тікелей эфирдегі ойынның соңы түрмемен аяқталды...
02.10.2026
23:53
Қыран Талапбек: 12 жасымда айына 5 мың доллар т...
02.10.2026
23:38
"Қазір тоқал алуға қарсымын". Роза Әлқожа іштег...
02.10.2026
23:25
Ақтөбе аспанынан дронға ұқсас белгісіз нысан ба...
02.10.2026
22:40
Дәрігерлердің құқығын қорғауға бағытталған жаңа...
02.10.2026
22:36
97 келіге арықтаған модель: Асқазанымның 80%-ын...