Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан 8 адам көз жұмды (ВИДЕО)
1103
17 қараша күні облыстық маңызы бар Чапай – Жаңақала – Сайқын автожолының 50-шақырымында Toyota Camry және Volkswagen Sharan көліктері бетпе-бет соқтығысқан, салдарынан көліктердің біреуі өртеніп кетті, деп хабарлайды POLITICO.KZ
Облыстық полицияның мәліметінше, сегіз адам оқиға орнында қаза тапты, тағы төртеуі ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Алдын ала болжам бойынша, жүргізушілердің бірі қарсы жолаққа шығып кеткен.
«Ауа райы жағдайы мен жол жамылғысының күйі қанағаттанарлық деңгейде болған, көріну деңгейі жақсы, көлік қозғалысына кедергі келтіретін сыртқы факторлар анықталмаған», - деп хабарлады полиция.
Оқиға орнында полиция қызметкерлері, жедел-тергеу тобы және ТЖД бөлімшелері жұмыс істеп жатыр.
Жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы тергеу барысында мұқият зерттеліп, анықталады.
Соңғы жаңалықтар
07.10.2026
23:07
Тоқаев Түрікменстанға жұмыс сапарымен барды
07.10.2026
22:11
Алматыда автобуста жолаушыларды пышақпен қорқыт...
07.10.2026
21:44
Шымкентте су құбырын ауыстырмақ болған екі жұм...
07.10.2026
21:17
Оралда екі жасөспірім көпқабатты үйдің төбесіне...
07.10.2026
20:44
Танымал актриса "Жеті қарақшы" фильмінде Дайыро...
07.10.2026
20:26
"Ренжіп кеткенім жоқ". Қыран Талапбек неге Әзер...