Баян Аалгөзова Қазақстаннан не себепті көшіп кеткенін айтты
Танымал қазақ продюсері Баян Алагөзова не себепті елден кеткенін және неге ұзақ уақыт бойы шетелде тұрып жатқанын түсіндірді.
51 жастағы көпбалалы ана Instagram-Stories-те Мәжіліс депутаты Сергей Пономаревтің Алматының экологиялық жағдайы туралы айтқан видеосын жариялады.
"Бүгінде біз елдегі ең көркем, жаны бар қалалардың бірі – Алматыны жоғалтып барамыз. Мұндағы экологиялық ахуал өте қауіпті деңгейге жетті. Қала әлемдегі ең лас 120 мегаполистің ішінде 5-орынға шығып, ауа сапасы индексі бойынша дабыл қағарлық тізімге енді. Индекс деңгейі адам денсаулығына зиян деп бағаланады. Осындай қорқынышты көрсеткішпен қала тұрғындарына көшеде жүруді барынша азайтып, күнделікті өмірде де қорғаныш маскасын кию ұсынылады", – деді мәжілісмен.
Баян Алагөзова бұл пікірмен толық келісетінін білдірді.
"Дәл осы себеппен мен қазір басқа елде тұрып жатырмын, үшінші айға кетті. Бронхит, демікпе, толастамайтын жөтел. Қаламызды құтқару керек", – деп жазды ол.