Баян Алагөзова мен Аша Матай отбасылық мерекеде би билеп, елді сүйсіндірді

Баян Алагөзова мен Аша Матай отбасылық мерекеде би билеп, елді сүйсіндірді
21.04.2025 20:06
0
371
Фото: instagram.com/asha_matai

Танымал продюсер Баян Алагөзова, тележүргізуші Аша Матай және әнші, актриса Жарқынай Ханайым отбасылық шарада бірігіп би билеп, көпшіліктің ықыласына бөленді, деп хабарлайды POLITICO.KZ.

Жұлдыздар Алагөзованың әпкесі әрі Аша Матайдың анасы ұйымдастырған тұсаукесер рәсіміне жиналды. Әулеттегі кішкентай сәбидің тұсауын отбасылық ортада, үй жағдайында салтанатты түрде кесті.

Шара барысында Аша Матай мен оның келіні, әнші Жарқынай Ханайым бірге би биледі. Кейіннен оларға Баян Мақсатқызы да қосылып, үштік көңілді көңіл күй сыйлады.

Арнайы сіздер үшін биімізді ұсынамыз, – деп жазды Аша Матай Instagram парақшасында.

Видео желіде тез таралып, жанкүйерлердің жылы пікіріне ие болды:

“Аша мен Жарқынай әпке-сіңлідей жақын”, “Баян ханым мектеп оқушысындай билеп тұр, қандай жарасымды!”, “Осындай тату отбасылар көбейсін!” – деп жазды қолданушылар.

Айта кетейік, Баян Алагөзова мен Аша Матай – отандық шоу-бизнес өкілдері арасында өте танымал тұлғалар. Ал Жарқынай Ханайым – Аша Матайдың інісі Айдардың жары.

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий