«Баймын деп айта алмады»: Жұманғарин журналистің сұрағына жауап бермей қойды
Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин өзін бай адам санайтын-санамайтыны туралы журналистің сұрағына жауап беруден бас тартты. Шенеунік мұның жеке өміріне қатысты сауал екенін айтып, сытылып шықты, деп хабарлайды Politico.kz.
БАҚ өкілдері бұл сұрақты Қазақстанда әлеуметтік көмек тағайындау тәртібінің өзгеруіне байланысты қойған еді.
Еске сала кетейік, 2027 жылдан бастап елімізде әлеуметтік төлемдерді тағайындау ережелері өзгереді. Мемлекет жәрдемақы тағайындау кезінде отбасылардың материалдық жағдайын ескере бастайды. Нәтижесінде ауқатты отбасылар төлемдердің бір бөлігінен, соның ішінде бала туғанда берілетін және бала күтіміне арналған жәрдемақылардан қағылуы мүмкін.
Алайда Жұманғариннің отбасылық табысы бұған дейін жарияланған декларациялардан жақсы таныс. Мәселен, оның жұбайы Сания Садықова 2024 жылы бағалы қағаздарға салынған инвестициялардан 88,7 миллион теңге табыс тапқан. Ол кезде Ұлттық экономика министрлігі министрдің өзі жалақысынан басқа ешқандай қосымша табыс таппайтынын мәлімдеген болатын.
Соңғы жаңалықтар