Берік Уәлиді мақтаған әнді әкімдік өшіртті

Берік Уәлиді мақтаған әнді әкімдік өшіртті
Фото: facebook.com/Berik Uali

Абай облысының әкімі Берік Уәлиге арнап ән шығарған Семейдің екі асабасы жұрттың сынына ұшырады. Әкімдік әнге тапсырыс бермегенін мәлімдеп, бейнежазбаны желіден өшіруді талап еткен, деп хабарлайды Politico.kz.

«Әкімге қошемет» деп аталатын әннің бейнежазбасы 25 қараша күні кешке Instagram және TikTok желілерінде жарияланған. Желі қолданушыларының әжуасына қалған авторлар кейін видеоны парақшаларынан алып тастады. Алайда оның көшірмелері WhatsApp пен басқа да ақпараттық арналар арқылы тарап үлгерген.

Абай облысы әкімінің баспасөз хатшысы Азамат Қасым асабалардың мемлекеттік органдар мен мәдениет мекемелерінде жұмыс істемейтінін, әнді өз бастамаларымен шығарғанын айтты.

«Облыс әкімдігі тарапынан мұндай мазмұндағы материалды түсіруге немесе таратуға ешқандай тапсырма берілген жоқ», – деді Қасым.

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу