"Бетімнен сүйіп жылайды": Жазира Байырбекова елді ойландырып қойды
567
Отандық танымал әнші Жазира Байырбекова желіде қызы туралы сыр шертіп, көпшілікке оның бойындағы ерекше қасиетті айтты.
Өнер иесі қызы туралы ел білмейтін жайтты Instagram-дағы парақшасында ақтарды. Сөзінше, перзенті 5 жасынан мейірімін төгіп, ата-анасы үшін алайдайды. "Папамды сұраған Даратайыма қайтыс болғанын айтқам ғой.
"Папаңды сағынып жатырсың ба?" деп мені құшақтап, бетімнен сүйіп жылайды. "Сен өлмеші, Алла тағаладан мамам өлмесін деп күнде сұрасам, өлмейсің ба?" дейді. Қайдан естиді мұндайды білмеймін. Тамағым ауырып тұрса, жағатынын әкеп "Дайынсыз ба? Емдейін сізді" деп тұрады. Мына киімді ки, мынаны киме деп ойларын айтады. Көңіл күйім болмай үндемей қалсам "мама саған не болды" деп тұрады. 5 жасынан маған мейірімін төгіп жүр ғой. Аллаға шүкір. Мен оған не істесем соеның бәрін өзіме істейді. Жұмыстан келгенде "балапаным балдай" деген әнімді айтып кіретінім бар. Енді өзі балабақшадан келгенде мен үйде болып қалсам, құшағын жайып тұрып, сол әнді маған айтады. Қалжыңдары да жеткілікті", - деп жазды Байырбекова.
Соңғы жаңалықтар
28.09.2026
10:28
Тоқаев Конституциялық сот төрағасының орынбасар...
28.09.2026
10:18
«Айлар бойы дайындалдым»: Жұлдыз Әбдікәрімова а...
28.09.2026
10:03
Каспийдегі оқиғағада екі сарбаз неге есепте жоқ...
28.09.2026
09:54
Алматыда тағы да жер сілкінді
28.09.2026
09:46
Өзбекстанда балабақша қызметкері 5 жасар қызды ...
28.09.2026
09:19
Алматылықтар жер сілкінісін сезді