«Білмеймін»: Министр бауырының субсидия алғаны туралы сұраққа ашуланды (ВИДЕО)

24.02.2026 14:19 Әсел Мұрат
«Білмеймін»: Министр бауырының субсидия алғаны туралы сұраққа ашуланды (ВИДЕО)
194
Фото: видеодан скрин

Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров үкіметте өткен брифингте бауырының мемлекеттік субсидия алуына қатысты сұраққа ашумен жауап берді , деп хабарлайды Politico.kz.

«Сіз 2023 жылы министр қызметіне келген кезде ауыл шаруашылығы саласында жұмыс істейтін көп туыстарыңыздың ешқайсысы субсидия алмайды деп уәде берген едіңіз. Алайда 2019–2020 жылдары ағаңыз Алтынбек Сапаров бюджеттен 713,5 миллион теңге алғаны белгілі. Соңғы үш жылда сіздің туыстарыңыз субсидия алды ма?», – деп сұрады журналист брифинг барысында. 

Министрге бұл сұрақ ұнамай қалды. Ол бұл сауалға қысқа әрі ашумен жауап берді. Айтуынша, бұл мәселеге қатысты пікірін бұған дейін де бірнеше рет айтқан.

«Менің ол жерге ешқандай қатысым жоқ. Мен ол жерде құрылтайшы емеспін. Олар өз жұмыстарын өздері жасап жатыр. Ол жерде де халық, үлескерлер бар. Мен ол жерге қатыспаймын да, білмеймін де, кіріскім де келмейді. Мен оны бүгінгі күні қарап жатқан жоқпын, білмеймін», – дейді министр.

Google News

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться
Войдите, чтобы оставить комментарий