Бір отбасының екі баласы көлік ішінен өлі күйінде табылды

29.06.2026 11:15 Мөлдір ҚАЙНАР
Бір отбасының екі баласы көлік ішінен өлі күйінде табылды
272
Фото: pixabay

Кипрдегі Ұлыбританияның Акротири және Декелия әскери базаларының юрисдикциясына қарасты аумақта бір отбасының екі баласы автокөлік салонында өлі күйінде табылды, деп хабарлайды Politico.kz.

Қайғылы оқиға жексенбі күні кешкі уақытта белгілі болған. Балалардың денесі табылған көлік Ксилофагу ауылының маңындағы көпқабатты үйдің қасында, ашық далада құлыптаулы күйде тұрған. 

Алдын ала болжам бойынша, балалар көлік ішінде ауа жетпей, тұншығудан (асфиксиядан) қайтыс болған. Сондай-ақ олардың денесінде аптап ыстық пен күн сәулесінің тікелей әсерінен пайда болған ауыр күйік іздері бар. Оқиғаның нақты себебі мен өлім уақытын анықтау үшін патологиялық-анатомиялық сараптама тағайындалды.

Қайтыс болған балалардың бірі 8 жаста, екіншісі 10 жаста болған. Белгілі болғандай, олар Кипрге Болгариядан әкесіне каникул кезінде қыдырып келген. Таңертең балалардың әкесі әріптесімен бірге жұмысқа кеткен кезде, балалар аулада тұрған көліктің ішіне кірген, бірақ кейін сыртқа шыға алмай, бұғатталып қалған. Оқиға орнына жеткен жедел жәрдем дәрігерлері көмек көрсетпек болғанымен, балалардың әлдеқашан жан тапсырғаны анықталды. Осы оқиғаға байланысты балалардың әкесі мен өгей шешесі міндеттеріне салғырттық танытты деген күдікпен қамауға алынды.

Войдите, чтобы оставить комментарий