“Бір қыз есік жауып, екіншісі пышақ беріп тұрды”: Шерзаттың сотында екі қыздың өтірігі ашылды

“Бір қыз есік жауып, екіншісі пышақ беріп тұрды”: Шерзаттың сотында екі қыздың өтірігі ашылды
29.04.2025 15:55
0
153
Фото: ашық дереккөз

Шерзаттың сотында екі қыздың өтірігі ашылды, деп хабарлайды POLITICO.KZ. 

Талдықорғанда өтіп жатқан сот отырысында прокурор марқұм Нұрқанат Ғайыпбаевтың тергеу кезінде берген жауабын оқып берді.

"Бір уақытта жігіттер маған атыла бастады. Нұрқияс мені қолмен ұрды. Мен оның соққысын өткізіп, өзін ұрып жібердім. Соққы Нұрқиястың көкірегіне тиді. Іштен ағам Қаржаубай шыға алмай тұрды. Есікті бір қыз жауып, аяғымен тіреп тұрды, ал бір қыз көлік жақта болды. Сол кезде пышақ шығара бастады. яғни Mercedes көлігінен екінші қыз пышақтарды алып беріп тұрды. Бірінші Нұрқиястың қолына келді. Мен оларға (мәселені) нормально шешейік, қойыңдаршы деп айттым. Себебі пышақ көрген соң қорықтым”, - деп жазылған марқұмның жауабында. 

Бұған дейін оқиға орнында болған Эльмира Нұрбекова мен Дана Жақсыгелді сотта куәгер ретінде жауап берген еді. 

Пікірлер (0)
Здесь пока ничего нет
Пікір қалдырыңыз
Войдите, чтобы оставить комментарий