Бір шақырым жолды жөндеу үшін қанша қаражат жұмсалады? Министрдің жауабы
Орташа жөндеу шамамен 20-50%-ға қымбатқа түседі.
Бүгінде елімізде бір шақырым жолды жөндеу үшін 100 млн теңге керек. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев айтты,-деп хабарлайды politico.kz
"Жолдың бір шаршы шақырымының құны ауа райы мен материалға байланысты. Мысалы, оңтүстікте асфальттың бір түрі, солтүстікте басқа түрі төселеді. Сондықтан (жолдың бір шаршы шақырымының құны) көптеген факторға байланысты", - деді Марат Қарабаев министрлікте өткен баспасөз мәслихатында.Министр жолды орташа жөндеу әдеттегі жөндеуден ерекшеленетінін атап өтті.
"Жалпы бір шақырымның құны 100 млн теңге болады. Орташа жөндеу шамамен 20-50%-ға қымбатқа түседі. Мұнда жолдың негізі ұсақталып, қайта өңделеді, онда тұрақтандырғыш (стабилизатор) қойылады. Осылайша, ол жолдың негізіне айналады. Бұл жолдың беріктігін нығайтады. Орташа жөндеудің жарамдылық мерзімі – 5 жыл. Бұл барлық норманы сақтаған жағдайда. Бір шақырым жолды күтіп ұстаудың құны – шамамен 2 млн теңге", - деді ведомство басшысы.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Соңғы жаңалықтар
13.11.2026
13:44
Көпбалалы әйел ақтөбелік экс-депутатты 80 млн т...
13.11.2026
13:40
Ақтөбедегі кафеде болған жарылысқа қатысты қылм...
13.11.2026
13:09
Ақмола облысындағы жол апаты: нәрестенің жағдай...
13.11.2026
13:07
"Бұл әртістер құтырған дейді": Мейрамбек Бесбае...
13.11.2026
12:52
Қостанай облысында білім бөлімінің басшысы қызм...
13.11.2026
12:15
Ақтөбедегі жарылыс: зардап шеккендердің жағдайы...